Біздің Алғашқы кітабымыз "Айнытпай Сал"!

Салем, қымбаттыларым!
Бүгін мен біздің алғышқы кітаптарымызбен (0-ден 1 жасқа дейінгі) бөліскім келеді.

Балаға алғашқы кітаптарды туғаннан да бастап ала беруге болады деп санаймын. Уақыт тез өтеді. Баланың кітапқа қызығушылық танытатын кезіне қалай жеткенін де байқамай қаласыз. Біздің үйде кітаптар ерте пайда болды. Қызым 6 айдан асқаннан кейін мен кітаптарды кейде ашып көрсететінмін, бірақ шын қызуғышылықты балам 8 айынан кейін көрсете бастады. Содан бері біз кітаптарды жақсы көреміз.

айнытпай сал

Біздің нарықта балаларға арналған кітаптар өте аз, ал тек Қазақша кітап іздесек - тіпті жоқ десе де болады. Менің тапқан кітаптарым "Школа семи гномов 0-1 жас" кейбір кітаптары, Аруна баспасының "Әй-Әй" сериясы мен картон кітаптары, және Альсафи баспасының кітаптары.
  
Осы постта мен Арунаның "Айнытпай сал" ("Әй-Әй" сериясы) деген кітабын көрсеткім келеді. Келесі посттарда басқа да кітаптарды көрсетем, Алла жазса. Бұл серия кітаптары қымбат емес, сапасы жағынан өте жақсы. Беттері қалың картоннан жасалған; бала тісін қышып, шетіне тісін қажаса да, кітапқа түк болмайды. Суреттерінің бояулары жағылмайды, сапалы. Суреттері ашық түсті, әдемі.

Осы кітап арқылы балаға "Ит не дейді? Ит қалай үреді?", "Мысық не дейді?", "Әтеш не дейді?", "Қуыршақ қалай жылайды?", "Тышқан не дейді?" дегенді қызықты үйретуге болады. Бала мәз болып қайталайды. Кейіннен кітапты ашып, өзі дыбыстауға тырысатын болады.

Төменде мен бүкіл кітапты суретке түсіріп алдым. Тақпақтары үйлесімді. Мазмұны жақсы.
 
P.S.: Қазіргі кезде интернет пен TV-дің күші өте мықты. Онымен бәсекелесу өте қиын. Сондықтан балаға кітапқа деген сүйіспеншілікті жастайынан үйрету керек. Уақытыңызды бөліп, баламен бірге кітап қарап, баланы кітапқа қызықтыруға тырысыңыз. Жалғыз өзі, бала, кітапты оқымайды.

aynytpay sal

aynytpay sal


aynytpay sal

aynytpay sal

aynytpay sal


flip.kz-тен сатып алу>>>







Comments