Авторы: Анай Сауле
Суретін салған: Арын Мариям
Идеясы Стефани Стансбидің "Hippety Hoppety - the cow who loved to dance" ертегісінен алынған
3+ жастағы балаларға арналған
3+ жастағы балаларға арналған
Ертеде Ақмаңдай деген бір бұзау болыпты. Ол билеуді қатты жақсы көретін. Достары оны дарақылау деп санаса да, Ақмаңдай олардың сөзіне мән бермейтін. Билегенде өзін әлемнің биігінде тұрғандай сезінетін. Тұяқтарын созып, қолдарын сермеп, мың бұралып билеу оны қатты тебірентетін.
"О-ой, Ақмаңдай! Есіл-дертің – билеу! Оданша басқа бұзаулармен өрісте жайылып келмейсің бе?"- дейтін ана-сиыр.
Бірақ ол би билегеннен жалықпайтын еді.
Бірде Ақмаңдай жайылымда сүйікті биі "Қамажайды" билеп жүреді; Абайсызда ол Ызақор Мудың тұяғын басып кетеді.
"Ой-ой! Тұяқтарым-ай! Ездің ғой! Доғар енді, Ақмаңдай!" - деп ызаланады ол.
"Кешіріңіз, Ызақор Му," - деді Ақмаңдай ыңғайсызданып.
Тағы бірде Сәндігүл ханым екі қызымен өрісте жайылып жүрген еді. "Түймедақ, гүліңді ақырын шайна! Мөлдір, қызым, бетіңдегі батпақты сүрт! Ханымдар әрдайым таза жүреді" - деп қыздарын әдепке үйретіп келе жатты.
Дәл сол жерде Ақмаңдай да "Аққу" биін шаттанып билеп жүрген еді. Жан дүниесімен аққу бейнесіне кіріп кеткен ол Бейонс ханымды мүлдем байқамады. Ақмаңдай қолдарымен аққуларша қанат қағып, бар пәрменімен секіріп қалғаны сол еді, шалшық суға шалп ете түсті. Мұнтаздай тап-таза Сәндігүл ханымның үсті-басы батпақ-батпақ болды.
"Масқара! Бұл не деген сұмдық! Бір тәрбиесіз бұзау екенсің!" - деп тұла бойын ашу кернеген ол айқайлап тастады.
"Кешірім сұраймын," - деді Ақмаңдай қатты ыңғайсызданып.
Ұялғанынан лезде қырға қарай қашып кетті. "Ту-уф! Сәндігүл ханым қандай қатал екен! Егер анда-санда билеп тұрса, мүмкін әлдеқайда мейірімділеу болар ма еді?!" - деп ішінен ойлады Ақмаңдай. Сөйтті де, жаңа биі "Шалқыманы" бастап кетті.
Ақмаңдай қозғалысы мен дене қимылын би ырғағына дәл келтіріп, тұяқтарын тыпырлатып, қолдарын майыстырып, өзін сахна төрінде жүргендей сезінді. Биі барған сайын күшейе түсіп, қырдың шыңына шыққанда шарықтау шегіне жетті. Осы кезде тағы бір жайсыз оқиғаға тап келмесі бар ма? ГҮРС еткен дыбыс естілді. Бұл не тағы?...
Ақмаңдай денесімен бір түк шөпке соғылыпты. Жайшылықта оңайшылықпен қозғала қоймайтын үлкен шөп бумасы төменге қарай домалай бастады. "О-ох" - деді Ақмаңдай. Үлкен шөп бумасы төмендеу тұрған басқа бір бумаға соғылды, сосын басқаға, сосын басқаға. Ақмаңдайдың зәресі қашты, себебі шөп бумаларының бәрі төменде жайылып жүрген сиырларға қарай заулап бара жатты.
"Жолдан қашыңдар!" - деп айғай салды Ақмаңдай шөптің артынан жан ұшыра жүгіріп. Ең соңғы сәтте ғана сиырлар апыр-топыр жолдан қашып үлгерді. Қысқа дайын тұрған бума шөптің бәрі бірінен соң бірі өрістің етегіндегі өзенге шалп-шұлп етіп құлады. Сиырлар сасқанынан ауыздары ашылып қарап тұрды.
"Мүмкін емес!" – деді бір кезде Сәндігүл ханым тыныштықты бұзып.
"К-к-кешіріңіздер!" – деді Ақмаңдай жыламсырап.
"Бұл бұзау бізді оңдыртпайды деп айтып едім ғой," – деп дауыстады Ызақор Му.
"Ақмаңдай, сен би билеп үнемі бірдеңені бүлдіріп жүресің, қызым," – деді жұмсақ даусымен анасы.
"Анашым, би менің жүрегімнен шығады ғой," – деді Ақмаңдай.
"Ендеше биіңді дұрыс басқаруды үйрену керексің, ботам. Ал қазір қошақандарды біраз бағып кел. Қалған күніңді тек шөбіңді күйсеумен өткізуге тырыс!" – деді анасы.
"Тырысамын, анашым," – деді де, Ақмаңдай анасын қысып құшақтады.
Еңсесі әбден түсіп кеткен Ақмаңдай аяғын сүйретіп қозылар жайылып жүрген қоршауға бет алды. Бұл жолы жүрегінде ән әуені ойнамай, аяқ-қолдарында бір ауырлық сезінді. Мөлдіреген көзінен ағып жатқан жасын сүртіп келе жатты. Сол сәтте алыста жүгіріп бара жатқан аппақ бейнелер көрінді. Көзін көтеріп қараса, бұл өзен жаққа қашып бара жатқан қозылар екен. Қоршаудың қақпасы айқара ашық, қарт саулық Женифер қоршау сыртынан Ақмаңдайға бар пәрменімен қол бұлғап тұр екен.
- Ақмаңдай, тезірек көмектес! Қошақандар қоршаудан шығып, қашып кетті. Оларды қазір айдап әкелмесек, өзенге батып кетеді. Менің оларды қуып жетуге шамам келмейді.
- Мен не істеуім керек?
- Білмеймін! Не істесең де, тездет!
Ақмаңдайға бір ой келді. Ол "Қос-алқа" биін билей бастады. Денесін құбылтып, аяқ ұшын созып, алға-артқа, оңға-солға тербеліп, қозылардың назарын өзіне аудартты. Қолдарымен "білезік", сосын "сырға" қимылдарын жасап, тұяқтарын кезек-кезек соғып, қошақандарға лезде жетіп алды. Ақмаңдай мың бұрала билеп, қошақандарды қоршауға қарай айдады. Ақмаңдайдың биі өте әсерлі және өте мәнерлі болып шыққаны сондай, тіпті Женифер әже оның талдай бұралғанына аузы ашылып қарап қалды.
Қозылардың бәрі қоршауға жете бергенде, арасынан бір бұйра жүнді аппақ қозы сыртқа сытылып шығып, қаша жөнелді.
- Ақмаңдай, Еркетоты өзенге қарай қашты! Мен оны өмірімде қуып жетпеймін!
Қозылардың бәрі қақпа алдына тақап қалған еді. Егер ол қазір Қос-алқасын тоқтатса, олар қайтадан жан-жаққа маңырап кетеді.
- Енді қайттім? Бір бұзау бір уақытта екі жерде бола алмайды ғой, - деп күрсінді Ақмаңдай.
Сол-ақ екен, Ақмаңдайға бір керемет көрініс ашылды. Қырдың арғы бетінен бір табын сиыр мөңіреп, күлімдеп келе жатты. Олар маңыраған дауыстарды естіп, көмекке келе жатыр екен.
Сиырлар Ақмаңдайдың ақылы мен өжеттігін көріп, таң қалысып жатты. Сәндігүл ханым өз көзіне өзі сене алмай:
"Мүмкін емес! Ақмаңдай – өзі бір ерен екен ғой!" - деп таңданды.
"Тездетіңіз! Сіздер менің биімді іліп алып кетулеріңіз керек!" - деп айқайлады Ақмаңдай.
"Мен? ... Билеу? ..." - деп тағы таңданды Сәндігүл ханым.
"Иә, біз!" – деді де Ызақор Му, - "Неге тұрмыз!? Ендеше билейік!" - деп Сәндігүл ханымды биге шақырып, ырғала билей жөнелді.
Ақмаңдай Еркетотының артынан жүгіріп кетті. Еркетоты қырдың арғы жағындағы сылдырлап ағып жатқан өзенге таяп қалған еді. Ақмаңдай аяғына күш қосып, ұршықтай шыр айналып, "секіртпе" би қимылын жасады. Жанын сала қос аяқпен бір мезгілде секіріп қалды да, суға секіріп бара жатқан Еркетотының алдынан бір-ақ шықты. Еркетоты маңырап, кері қашты. "Ақмаңдайлы ай ма екен?" - деп әндетіп, Ақмаңдай майыса билеп Еркетотыны қоршауға ертіп әкелді.
Қараса, Сәндігүл ханым бұл жақта әндетіп, биді басқарып жүр екен. Соңғы қозы қоршауға кіргенде, ол қақпаны тұяғымен "тарс" етіп жауып жіберді. Жиналғандар қошеметтеп, бәрі оқиғаның жақсы аяқталғанына қуанды. Ақмаңдай мен Сәндігүл ханым бір-бірін қолдарынан ұстап, табын алдында иілді. Ал Ақмаңдайдың анасы мақтаныштан көзіне үйрілген көз жасын сығып алды.
"Мен өзімді әлемнің биігінде тұрғандай сезіндім!" - деді Сәндігүл ханым Ақмаңдайға сыбырлап.
"Сізге бұл сезімді сыйлаған – би!" - деді Ақмаңдай жүзі жадырап.
Сол күннен бастап Сәндігүл ханым жиі-жиі билеп, көп күлімсірейтін болды. Ал Ақмаңдай енді би билегенде ЕШҚАШАН ЕШТЕҢЕНІ бүлдірмейтін болды ... жарайды, тек анда-санда болмаса ғана!

СӨЗДІК:
дарақылау
- рус. чудаковатый;
- eng. crazy, odd
- eng. crazy, odd
тебірену
- рус.
приводить в приятное волнение; поднимать приятные, волнительные чувства; Синонимі - толғану.
Билеу оны тебірентетін - Танцы приводили ее в приятное волнение.
- eng.
to be excited
Билеу оны тебірентетін - Dancing makes her feel excited.

шаттану
-рус.
восторгаться;
шаттанып билеу - восторженно танцевать;
-eng.
to rejoice
шаттанып билеу - to joyfully dance
восторгаться;
шаттанып билеу - восторженно танцевать;
-eng.
to rejoice
шаттанып билеу - to joyfully dance
саулық - ұрғашы қой. Мысалы: қарт саулық Женифер
"сырға", "секіртпе", "білезік" би қимылдары және басқа да қазақ биіне тән би қимылдары осы жерден алынған - http://bilimainasy.kz/?p=26011
АЛҒЫС
Осы ертегіні жазу барысында маған көмектескен адамдарыма мың рахметімді айтамын:
менің жанұям - ертегіні жазу барысында жалықпай мені мың рет тыңдаған, мені қолдап отырған, қателерімді түзеткен;
Данияр Жігітбек - жазушы көзімен қарап, ертегіні тексеріп шыққан.

Егер сізге ертегі ұнаса, ыстық лебіздеріңізді коммент-те білдірулеріңізді сұраймын. Ертегіні достарыңызбен бөліссеңіздер, сіздерге алғысым шексіз! Лайк басуды ұмытпаңыз!
Сөздікке тағы басқа сөздер қосқыныз келсе, маған сол сөздерді жазып жіберіңіз.
КӨМЕГІҢІЗ КЕРЕК:
- Ертегіге иллюстрациялар салу - жай қағазда ертегі суреттерін сіздер (немесе балаларыңыздың салған суреттері) салып жіберсеңіздер, осы жерде жариялаймын. Аты-жөніңізді жазып жіберуді ұмытпаңыз.
- Ертегіні мәнерлеп оқып беру - ертегіге аудио файл жазып, маған mp3 файлын жіберіңіз. Осы жерде жариялаймын. Аты-жөніңізді жазып жіберуді ұмытпаңыз.
- Андоид және Айфонға ертегігі жариялау, компьютерде ертегі суреттерін салу.
Comments
Post a Comment