Тақпақ айтып ойнайық!


Сәлеметсіздер ме, қымбаттыларым!
Қазір менің қызым 1 жарымнан асып барады, және саусақтармен ойын ойнағанды ұнатады.
Мен, өкінішке орай, Қуырмаштан басқа саусақ ойындарын білмеймін.
Ал, сондықтан, бірге жаттайық!

1. "Алақан" ойыны (Орысша түпнұсқасы Ладушкиге ұқсайды)

Алақан, Алақан,
Қайда болдың, Балақан?
Не жедің, не іштің?
(Осына айтқанда, баланың алақанында саусақпен жүгіреміз!)


Әжеге бардым,
Құрт жедім,
Май жедім,
Бауырсақ жедім,
Сүт іштім,
Ойын ойнадым.
(Осыны айтқанда, баланың саусақтарын бір-бірлеп бүгеміз!
Кімге бардың, не істедің, не жедің - өзіңіз құрастыра бересіз қалағаныңызша.)
Ұштық, ұштық, шууууу!!!

2. Алақан, алақан!
Қандай жақсы балақан!
Біз айтамыз тақпақ,
Аяулымды мақтап!
(Өз балаңыздың аты айтылады. Алақанмен сәйкесінше соғу керек.)

3. Бала, бала, балапан,
Қане, қайсы, алақан?
(Алақанды көрсетеміз)
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат!
(қолдарымызды айналдырамыз)

4. Саусақ, саусақ, соқ-соқ!
Шынтақ, шынтақ, тоқ-тоқ!
Аяқ, аяқ, топ-топ!
(Саусақтарымызды бір-біріне тигіземіз,
кейін шынтақтарымызды ұстаймыз,
содан соң, аяғымызбен топ-топ жасаймыз)

5. Аю отыр партада,
екі қолы қалтада.
Апай сабақ сұраса,
түк білмейді - масқара!
(Ұйқтап қапты - масқара!)
(Қимылдар өз фантазияңызға байланысты!)


Әзірге осы! @kaz_for_moms парақшасына рахмет!
Ал сіздер тағы қандай тақпақ ойындар білесіздер? Комментарийге жазыңыздар!